jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алатауда қоқыс полигонындағы өртке байланысты бір жарым ай бұрын енгізілген төтенше жағдай режимі алынады

қоқыс полигонындағы өртті сөндіріп жатқан өрт сөндіруші
Қоқыс полигонындағы өртті сөндіріп жатқан өрт сөндіруші. Фото: t.me/qr_tjm

Алатау қаласындағы өртке байланысты жарияланған төтенше жағдай алып тасталады. Қала әкімі аппараты тиісті шешім дайындады. Жоба "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжат жобасында әкімнің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі "Алатау қаласында жергілікті деңгейде техногендік төтенше жағдай жариялау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы құжат дайындалған.

Авторлар төтенше жағдайдың жойылуы іс-шараларды жалғастыруға және шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретінін атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте, таңертең Алматы облысында қоқыс полигоны өртенген еді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы билік және полиция департаментінің күші жұмылдырылды.

Бірнеше күннен кейін, 18 қыркүйекте қалада жергілікті техногендік төтенше жағдай жарияланды.

Алатауда қоқыс полигонындағы өртке байланысты бір жарым ай бұрын енгізілген төтенше жағдай режимі алынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.