jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Енді қазақстандықтар АИ-92 бензині қымбаттаса немесе автогаз тапшы болса, шағым түсіре алады

жанармай бекеті
Жанармай бекеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдар қабылдайтын жедел желі ашылды. Баға мораторийін бұзу фактілері тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Энергетика министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеп жатқанын мәлімдеді.

"Министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын туғызуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қояды", - делінген министрлік хабарламасында.

Бензин мен дизель отыны бойынша:

Министрлік барлық қажетті отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтті. Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ, дейді министрлік өкілдері.

Сұйытылған мұнай газы бойынша

Өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарабынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді. Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты, дейді министрлік өкілдері.

"Егер сіз АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе АЖҚС-та отынның болмауы сияқты жағдайларға тап болсаңыз, жедел желі телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: +77018550248.

Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда адал емес нарық қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданады", - делінген министрлік хабарламасында.

Енді қазақстандықтар АИ-92 бензині қымбаттаса немесе автогаз тапшы болса, шағым түсіре алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.