jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түнде Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

Шымкент
Шымкент. Фото: Max Zolotukhin/Getty Images

Кеше түнде Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары Ауғанстанда болған жер сілкінісінен туындаған жер асты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Cейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.2. MPV, магнитудасы – 6.2.

Жер сілкінісінің сезілу күші:

  • Шымкент қаласы – 2 балл;
  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл;
  • Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл;
  • Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түскен жоқ.

Түнде Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.