jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

FlyArystan ұшағы Қостанайға қона алмай, Астанаға оралды

FlyArystan
FlyArystan ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанадан Қостанайға бет алған ұшақ ауа райының қолайсыздығынан елорда әуежайына қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды FlyArystan баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана – Қостанай бағыты бойынша FS7341 рейсінде өзгеріс болды. Қостанайдағы ауа райының нашарлауына байланысты ұшақ ұшып шыққан әуежайға оралды. Артынша ұшу-қону жолағын қардан тазарту үшін әуежай уақытша жабылды, сондықтан рейс кейінге шегерілді.

Салдарынан Қостанайдан Астанаға ұшатын FS7342 рейсі де кешікті. Компания FlyArystan рейстері барып-қайту жүйесімен жұмыс істейтіндіктен бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер ететінін түсіндірді.

FS7341 рейсінің жолаушылары сусын және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. FS7342 рейсіндегі жолаушылар сұраныс бойынша қонақүймен де қамтамасыз етіледі.

Астана – Қостанай FS7341 рейсі сағат 17:05-те, ал Қостанай – Астана FS7342 рейсі сағат 18:50-де ұшады деп жоспарланған", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға рейстің кешігуі туралы WhatsApp хабарламасы арқылы, билетті сатып алу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS немесе электрондық пошта арқылы хабарланатынын айтты.

"Қолайсыз ауа-райы жағдайы мен әуежайдағы шектеулерден туындаған кешігу әуе компаниясына байланысты емес екенін еске саламыз. Барлық жағдайда FlyArystan-ның бірінші кезектегі мақсаты рейстер мен жолаушылардың қауіпсіздігі болып қала береді", - дейді әуе компаниясы өкілдері.

FlyArystan ұшағы Қостанайға қона алмай, Астанаға оралды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.