"Жастар көп": ресейлік демограф Қазақстандағы туу көрсеткішін жоғары бағалады
Опубликовано:
Читать на русском
Танымал ресейлік демограф Алексей Ракша журналист Юрий Дудьке берген сұқбатында Қазақстандағы демографиялық жағдай мен оның ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ресейлік журналист Юрий Дудь белгілі демограф Алексей Ракшамен сұқбатын жариялады. Журналист маманмен әлемдегі туу және қартаю көрсеткішіне қатысты жағдайды талқылады.
Әңгімелесу барысында Дудь кей елдердің орташа жасына тоқталды. Мысалы, Нигерде орташа жас – 15, Ресейде – 42. Әңгіме барысында Ракша Қазақстан туралы пікірін білдірді.
"Ал сен Қазақстанда соңғы рет қашан болдың? Бірдеңе байқадың ба?" - деп сұрады Ракша одан.
Юрий Дудь Қазақстанда Украинадағы соғыс басталғанға дейін, 2021 жылы болғанын айтты.
"Ол жақта жастар көп екенін көрдім", - деді Дудь. Ракшаның сөзінше, әсіресе елдің оңтүстігінде, Ақтау мен Шымкентте сондай жағдай байқалады.
Содан соң Юрий Дудь кестеге қарап, Қазақстан халқының орташа жасы 32 екенін көрді. Ракша да оны растап, "Қазақстан – медианды жасы бәрінен баяу өсіп келе жатқан елдердің бірі" деп мәлімдеді.
"Қазақстанның демографиясы Ресейдікінен мүлде басқаша, тіптен басқа. Ол жақта туу көрсеткіші екі есе жоғары, бұл екінші, үшінші және одан кейінгі балалардың тууына байланысты", - деп атап өтті сарапшы.
Сұқбат барысында Ракша Қазақстанды туу деңгейі жоғары елдердің қатарына қосты. Осы тізімге ол Израиль мен Моңғолия да бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2305731-zhastar-kop-reseilik-demograf-qazaqstandagy-tuu-korsetkishin-zhogary-bagalady/