jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Air Astana елордада қолайсыз ауа райы салдарынан рейстер кешігіп жатқанын мәлімдеді

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Фото: nn-airport.kz

Air Astana жолаушыларға ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада рейстер кейінге шегерілгенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Air Astana әуекомпаниясы Астана қаласынан ұшатын рейстердің ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын хабарлайды.

"Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Астана әкімдігі болса, бүгін 2800-ден астам жол қызметкерінің қар тазалауға шыққанын хабарлады.

"Елордада қар күреу жұмысы үздіксіз жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде", - делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.

Әкімдік мәліметінше, 9 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан 16 172 текше метр қарды арнайы полигондарға 1 254 рейспен жеткізді.

Таңертеңнен бастап қар тазалау жұмысына 2 850 жол жұмысшысы мен 1 366 арнайы техника жұмылдырылған.

Қыс маусымы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрден астам қар немесе 7 284 жүк көлігіне тең көлем шығарылды.

Қар тазалау барысында алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылып, кейін аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі.

"Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолда және жаяу жүргінші аймақтарында абай болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауға шақырады", - деп ескертті әкімдік өкілдері.

Air Astana елордада қолайсыз ауа райы салдарынан рейстер кешігіп жатқанын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.