jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі сурет: pexels.com

Биыл желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын бес күндік жұмыс аптасында тоғыз күн демалыс күтіп тұр. Ал Тәуелсіздік күнінде бір демалыс күні берілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

eGov сайтында жарияланған Қазақстан Республикасындағы 2025 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары қарашада 9 күн демалады.

Алдағы желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасында тоғыз күн демалыс болады. Айта кетейік, қазақстандықтарды қосымша демалыс күні апта ортасында, яғни 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне түсетін сейсенбіде күтіп тұр.

Әдетте мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылып, дүйсенбі демалыс күн болады. Алайда биыл мереке сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар 16 желтоқсанда демалады.

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.