jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда кальян мен вейпке қатысты шектеулер жеңілдетілуі мүмкін бе: ішкі істер министрінің орынбасары жауап берді

Кальян
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сенат кулуарында Қазақстанда кальян мен вейпке қатысты шектеулерді жеңілдету жоспары туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. Алайда желіде билік бұл норманы қайта қарауға дайын екендігі туралы ақпарат тарады. Журналистер мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрап білді.

"Расында да талқыланып жатыр. Әкімшілік полиция комитетіндегі әріптестерім үкіметте де, парламентте де ведомствоаралық жұмыс топтарына қатысуда. Сондықтан жұмыс жалғасады, оның қорытындысы бойынша шешімді міндетті түрде жариялаймыз.

Сонымен қатар қосымша қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын. Қазіргі уақытта бұл әлі әзірлік үстінде — әкімшілік жауапкершілік әлі сақталады (қоғамдық орындарда темекі шегу – авт.ескертпесі), - деп еске алды Санжар Әділов.

Оның айтуынша, бұл мәселе төңірегінде жан-жақты талқылау жүріп жатыр. Соның ішінде тиісті жабдықтарды әкелуге рұқсат беру, ойын-сауық орындарында кальянды пайдалану, рұқсат етілген заттардың тізімін айқындау қарастырылып жатыр.

Дегенмен ведомствоның вейпке қатысты ұстанымы өзгеріссіз қалады.

"Жоқ, бізде вейпке тыйым салынған. Оның үстіне, жақында депутат Нұргүл Таудың бастамасымен біз вейп сату және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіп, қосымша, қатаң шаралар қабылдадық. Вейпке қатысты біздің ұстанымыз айқындалды – қылмыстық жауапкершілік күшейеді және нөлдік төзімділік болады", - деп түйіндеді сөзін спикер.

Қазақстанда кальян мен вейпке қатысты шектеулер жеңілдетілуі мүмкін бе: ішкі істер министрінің орынбасары жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.