jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада ғимарат қасбетінің құлауы: ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Рүстемова Әлия
Астаналық фельдшер. Фото: instagram.com/rustemova_aliya

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлауы салдарынан ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды, деп хабарлайды елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі өкілінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қасбет опырылып, жарақат алған фельдшер қайтыс болды.

"Тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлауының салдарынан қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған фельдшердің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз.

Пациент 8 қарашадан бері ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатты, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, алған жарақаттарының зардабы ауыр болды", - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы қаптама кірпіш пен кондиционер құлаған еді. Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Белгілі болғандай, оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері зардап шекті. Ол ер адамды үйінді астынан алып шықпақ болған кезде оның басына тоғызыншы қабаттан кондиционер құлап кеткен. Жәбірленушіге бассүйек трепанациясы жасалды.

Астанада ғимарат қасбетінің құлауы: ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.