jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Қателікті кешірмейтін PR": сарапшылар NUR.KZ митабында сенім, тәуекел мен ашық коммуникацияны сөз етті

Митап NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

20 қарашада AlmaU университетінде NUR.KZ ұйымдастырған PR 2025 сериясының төртінші митабы өтті. Бұл жолы фармацевтика, білім беру мен қаржы саласының мамандары коммуникациядағы жауапкершіліктің қаншалықты жоғары екенін және сенімді сақтап қалудың тәсілдерін талқылады.

Алғашқы сөз Гедеон Рихтер Қазақстан компаниясының CSR & Public Relations менеджері Динара Бирмаганбетоваға берілді. Ол фармацевтика саласы коммуникация тұрғысынан ең талапшыл бағыттардың бірі екенін атап өтті: кез келген мәлімдеме дәлелді, нақты әрі заңға сай болуға тиіс. Динараның айтуынша, бір қате сөз репутациялық дағдарыс тудырып қана қоймай, пациенттердің денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан фарма-коммуникация әрқашан ашықтықты, жедел әрекет етуді, фейктерді тұрақты түрде бақылауды және медициналық-аудиттік тексерісті талап етеді.

Митап NUR.KZ
Динара Бирмаганбетова. Фото: NUR.KZ

Спикер компанияның әйелдер денсаулығы, аурулардың алдын алу және психикалық саулықты қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалары туралы да бөлісті. "Сенім пресс-релизбен емес, жүйелі әрекетпен қалыптасады", — деді ол.

Келесі сөзді AlmaU Медиа және кино мектебін дамыту және коммуникация жөніндегі директоры, Professor of Practice Айдана Айтбай алды. Ол білім беру ұйымының PR-ды нақты нәтижелер арқылы қалай қалыптастыратынын түсіндірді.

Митап NUR.KZ
Айдана Айтбай. Фото: NUR.KZ

Айдананың айтуынша, ең мықты ақпараттық себеп — пресс-релиз емес, іс-әрекет: студенттік жобалар, индустриямен серіктестіктер, фестивальдерге қатысу, түсірілімдер мен шынайы оқиғалар.

"Аудитория бүгін процесті — backstage-ді, адамдарды, олардың жолын көргісі келеді. Бұл кез келген ресми мәтіннен сенімдірек", — деді спикер.

Митаптың қорытынды бөлімінде Bereke Bank PR бөлімінің бас редакторы Меруерт Бердыбаева сөз сөйледі. Ол қаржы саласында коммуникациялық қателіктің салдары өте жылдам сезілетінін атап өтті. Меруерттің айтуынша, ресми түсініктеме кешіктірілсе, оның орнын бірден қауесет басады, ал негативті пікірлерді өшіру — сенімнің одан әрі төмендеуіне әкеледі. Қаржы ұйымы кез келген жағдайда клиентпен ашық, түсінікті және шынайы сөйлесуге тиіс — бұл тұрақтылық пен қауіпсіздік сезімін қалыптастырады.

Митап NUR.KZ
Меруерт Бердыбаева. Фото: NUR.KZ

Митаптың басты түйіні бір ауыз сөзбен айтқанда — PR дегеніміз сенімді басқару. Медицина, білім мен қаржы сияқты жоғары жауапкершілік жүктейтін салаларда сенім жылдам реакциядан, ашықтықтан және компанияның нақты әрекеттерінен құралады.

Келесі митаптарды жіберіп алмау үшін NUR.KZ корпоративтік Instagram парақшасын бақылап жүріңіз @corp.nur.kz.

"Қателікті кешірмейтін PR": сарапшылар NUR.KZ митабында сенім, тәуекел мен ашық коммуникацияны сөз етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.