jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

2026 жылы БАКАД бойынша жол жүру тарифі өзгереді

Большая Алматинская кольцевая автодорога
БАКАД. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2026 жылдан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ - БАКАД) бойынша жүріп өтудің төлем тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Жол жүру тарифі өспек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАКАД-тың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария етілген мәліметке сәйкес, Көлік министрлігі БАКАД (ҮАААЖ) бойынша жүріп өтудің төлем тәртібін реттейтін бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Не өзгереді?

2026 жылдан бастап жол жүру тарифінің құнын арттыру жоспарланып отыр:

  • Жеңіл автокөліктер үшін — 0,07-тен 0,14 АЕК-ке дейін (605,5 ₸)
  • Көлік құралдарының басқа санаттары үшін — санатқа сәйкес мөлшерде (суреттегі кестені қараңыз)
Кесте
Кесте: Instagram / bakad_official

️2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері болжамға сәйкес 4 325 теңге болады.

Тариф жолда бір сағатқа тең мөлшердегі уақытқа және көлік құралының санатына байланысты есептеледі.

Жеңілдік механизмі

️Тарифтердің өзгеруімен қатар, алдын ала төлем немесе кейінгі төлем қолданылған жағдайда 50 пайыз жеңілдік механизмін енгізу жоспарланып отыр:

  • Алдын ала төлем – ақылы учаскеге кіргенге дейін жеке шотқа немесе көлік нөміріне ақша қаражатын аудару. Бұл жағдайда пайдаланушыға белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі беріледі.
  • Кейінгі төлем – жолды жүріп өткеннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде төлем жасау жол ақысына 50 пайыз жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
  • Егер төлем көрсетілген мерзім ішінде түспесе, 7 күн өткен соң берешек қалыптасады және жолақы жеңілдіксіз, толық мөлшерде өндіріледі.

️Талғар, Қарасай және Іле аудандарының елдімекендерінде тіркелген тұрғындарға арналған қолданыстағы айлық және жылдық абонементтердің құны өзгеріссіз қалады.

2026 жылы БАКАД бойынша жол жүру тарифі өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.