jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

Әскери техника
Әскери техника. Көрнекі сурет: t.me/modgovkz

Қорғаныс министрлігі желтоқсанның басында барлық бөлімше жауынгерлік дайындықтың ең жоғары деңгейіне келтірілетіні туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімі жаңа оқу жылының басталуына байланысты оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі.

Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды.

Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігі арқылы жеткізіледі.

"Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз.

Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.