jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы көшелердің бірі бір айға жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: MATTHIEU DELATY/Hans Lucas/AFP via Getty Images

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары аясында Жексенбаев көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің ақпаратына сәйкес, аумақ 2025 жылы 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады.

"Жүргізушілерге жұмыс барысында жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескере отырып, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматыдағы көшелердің бірі бір айға жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.