jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ": ІІМ желіде тараған хабарламаға жауап берді

көлік
Көлік. Иллюстрациялық фото: Giovanna Graf/EyeEm/Getty Images

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты таралып жатқан хабарламаның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны" жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ.

Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат", - делінген ресми хабарламада.

Ведомство камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайтынын еске салды.

"Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар!" - деп ескертті ІІМ өкілдері.

"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ": ІІМ желіде тараған хабарламаға жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.