jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы талқыға шығарылды

телефон ұстап отырған оқушы
Телефон ұстап отырған оқушы. Көрнекі фото: Matt Cardy/Getty Images

"Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында 16 жасқа толмаған желі қолданушыларын онлайн платформаларда тіркеуге тыйым салатын заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

4 желтоқсанда "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланды.

Онда "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғаудың ерекшеліктері" туралы 10-1-бап келтірілген. Норма 16 жасқа толмаған желі қолданушыларына жедел хабар алмасу қызметтеріне тіркелуді есепке алмағанда, онлайн платформаларда тіркелуге тыйым салады.

Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, заң жобасының мақсаты – онлайн-платформалардағы заңсыз контент көлемін азайту үшін қажетті заңнамалық базаны құру және онлайн платформалар мен масс-медианы дамытуға байланысты заңнаманы жаңарту.

Заң жобасын қоғамдық талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптаның басында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қою мәселесі қазір күн тәртібінде емес екенін айтқан болатын.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салу 2023 жылы талқыланған.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы талқыға шығарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.