Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Опубликовано:
Күн райының бұзылуына орай еліміздің екі облысында маңызды тасжолдар жабылады. Шектеулер Ақмола мен Қарағанды облыстарына енгізілген, деп "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
5 желтоқсанда сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола мен Қарағанды облыстарының республикалық автожолдарында жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ақмола облысы:
"Астана - Қарағанды - Алматы " автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
Қарағанды облысы:
"Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).
"ҚазАвтоЖол" ақпаратынша, жолды 6 желтоқсанда сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Жүргізушілерге 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2317082-qazaqstannyng-eki-oblysynda-kolik-qozgalysyna-shekteu-engizildi/