6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран мен көктайғақ болады
Опубликовано:
"Қзагидромет" РМК 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашан (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. 05-06 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүсігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2317157-6-zheltoqsanda-elimizding-basym-boliginde-boran-men-koktaigaq-bolady/