jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Синоптиктер алдағы күндері Алматыда күн суытып, қар жауатынын ескертті

Алматыдағы қар басқан жол
Алматыдағы қар басқан жол. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері Алматыда қар жауып, күн суытатынын ескертті, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Алматыда ауа райы құбылмалы болады — жылы күндердің соңы қарға ұласып, күн суытуы мүмкін.

6 желтоқсан

Күн бұлыңғыр, жауын-шашынсыз болады.

Жел алдымен батыстан, кейін шығыстан соғады, екпіні 3-8 м/с-қа жетеді.

Күндіз: +6…+8°С.

7 желтоқсан

Ауа райы құбылмалы болып, күндіз аздап жаңбыр жаууы мүмкін.

Жел шығыстан соғады, екпіні 3-8 м/с-қа жетеді.

Түнде: 0…–2°С, күндіз: +6…+8°С.

8 желтоқсан

Ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр сіркірейді.

Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 3-8 м/с-қа жетеді.

Түнде: 0…–2°С, күндіз: +3…+5°С.

9 желтоқсан

Күн бұлтты болып, кей жерде қар аралас жаңбыр жауады.

Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 3-8 м/с-қа жетеді.

Түнде: –1…–3°С, күндіз: 0…+2°С.

10 желтоқсан

Күн бұлтты болып, қар жауады, кей жерде бұрқасын болуы мүмкін.

Жел солтүстіктен соғады, екпіні 3-8 м/с-қа жетеді.

Түнде және күндіз: –7…–9°С, әрі қарай күн суытады.

11 желтоқсаннан бастап күн ашық болады.

Синоптиктер алдағы күндері Алматыда күн суытып, қар жауатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.