jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратынын ескертті

Қалың қар
Қалың қар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сейсенбі, 7 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның бірқатар облысында дауыл тұрады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астанада 7 желтоқсанда көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында 7 желтоқсанда көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 7 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады.

7 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

7 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

7 желтоқсанда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында 7 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

7 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде аздап қар жауып, күндіз де қар жауады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Петропавл қаласында 7 желтоқсанда көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Жетісу облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында 7 желтоқсанда көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Семей қаласында 7 желтоқсанда түнде көктайғақ болады.

7 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Қарағанды қаласында 7 желтоқсанда көктайғақ болып, тұман түседі.

7 желтоқсанда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жезқазған қаласында 7 желтоқсанда тұман түседі.

7 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Орал қаласында 7 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

7 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

7 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 7 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

7 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Шымкент қаласында 7 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан қаласында 7 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.