jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Атырау облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 116,8 млрд теңгеге жетті

Сиырлар
Сиырлар. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысында 2025 жылғы қаңтар-қазан айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 116,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі хабарлады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6% ілгерілеуді көрсетіп отыр. Оның ішінде өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі 52,7 млрд теңгеге жетсе, мал шаруашылығы 61,7 млрд теңгені құрады.

Ірі қара мал
Ірі қара мал. Фото: Атырау облысы әкімдігі

"Өңірдегі мал басы да көбейді. Бүгінде облыста 238 мың бас ірі қара, 590 мың бас қой-ешкі, 150 мың басқа жуық жылқы, 43 мың бас түйе, 243,8 мың бас құс бар. Есепті кезеңде облыста 40 мың тонна ет, 27,6 мың тонна сүт, 43 млн дана жұмыртқа алынды",- деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Егістік
Егістік. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Облыста егін жинау жұмыстары толық аяқталған. Егілген егістік алқап түгел жиналып, барлығы 144,3 мың тонна өнім алынған, ішінде 68,7 мың тонна көкөніс, 39,6 мың тонна бақша өнімі, 7,3 мың тонна картоп және 28,6 мың тонна мал азықтық дақыл өндірілген.

Қарбыз
Қарбыз. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Айта кетейік, 2025–2027 жылдары өңірде инвестициялық 12 жоба іске асырылып, 460 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Оның ішінде 2025 жылы 6 жобаны іске қосу жоспарланған.

Қызанақ
Қызанақ. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 116,8 млрд теңгеге жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.