jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Астанада қатты аяз болады: ТЖД өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасады

ТЖМ қызметкері
ТЖМ қызметкері. Көрнекі фото: ortcom.kz

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері елорда тұрғындарына үндеу жасап, алдағы үш күнде қалада қатты аяз болатынын ескертті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері ауа температурасы -25, -26 градусқа дейін төмендейді. Соған байланысты ТЖД өкілдері тұрғындарға үндеу жасап, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Төтенше жағдайлар депатаментінің қызметкерлері келесідей қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды екенін жеткізді:

  • Пеш толық сөнбей жатып, мұржа қапағын жаппау керек;
  • Пешті жанғыш материалдармен жақпау керек.
  • Жылытқыштарды түнге қараусыз күйде қалдырмаған жөн;
  • Электр желілерін шамадан тыс жүктемеу керек: қуатты құрылғыларды бөлек розеткаға қосу керек.
Астанада қатты аяз болады: ТЖД өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.