jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Қарағанды облысында боран салдарынан түнде тасжолдарда көлік қозғалысы шектеледі

Боран
Боран. Көрнекі фото: pexels.com

8 желтоқсанда сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына орай Қарағанды облысындағы республикалық жолдардың бірінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, жаяу бұрқасын, боран мен көктайғаққа байланысты KAZ01 Астана-Қарағанды-Алматы республикалық маңызы бар тасжолында жүк көлітері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынады.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, қозғалыс Қарағанды облысымен шекараға дейін 30-92 шақырым аралығында шектеледі.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылып, синоптиктер 16 облыста ескерту жариялағанын хабарлаған болатынбыз.

Қарағанды облысында боран салдарынан түнде тасжолдарда көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.