jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазақстанда бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар жүре бастайды

Темір жолда келе жатқан жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ ҰҚ баспасөз қызметі

"Қазақстан темір жолы" компаниясы жаңа жыл қарсаңында бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар жүре бастайтынын мәлім етті. Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаңа жыл мерекесіне орай жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру үшін қосымша пойыздарды іске қосып жатыр. Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - дейді ҚТЖ өкілдері.

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:

  • №201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.

  • №203/204 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.

Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

  • №257/258 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"

Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қамтамасыз етіледі.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді.

Билет сатып алар сәтте бос орындар болмаса, жолаушылар "Күту парағы" қызметің тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызметті сайттан және билет кассаларынан алуға болады.

Толық ақпаратты 1433 нөмірі арқылы білу керек. Пойыздар қозғалысы туралы мәлімет tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-табло арқылы қолжетімді.

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазақстанда бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар жүре бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.