jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Бір тамшы су бермейміз – бір тиыны да бюджеттен өтелмейді": Бектенов суармалы су тапшылығына байланысты ескерту жасады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Олжас Бектенов су тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға баса назар аударылып отыр.

Үкімет басшысы басты міндет суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту және су үнемдеу технологияларын енгізу екенін атап өтті. Өңір әкімдіктері мен уәкілетті мемлекеттік органдар егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикаторлардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Су ресурстары министрлігі бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алуы тиіс.

"Су ресурстары министрлігі бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алсын. Қайталап айтамын, бұл – өзекті мәселе. Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде тиісті кесте бекітті, алдағы уақытта барлық жұмыс осы кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс.

Мысалы, егер бір шаруашылықта 100 гектар болу керек десек, ертең 1 гектардан артық егілсе, біз оған бір тамшы су бермейміз.

Егер ертең Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен көрсеткіштерді бұзып, диқандар шығынға ұшыраса, бір тиыны да бюджеттен өтелмейді. Мұны халыққа ашық жеткізу керек", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бұл мәселе тікелей бақылауында екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алдағы вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерде суармалы су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін айтқан еді.

"Бір тамшы су бермейміз – бір тиыны да бюджеттен өтелмейді": Бектенов суармалы су тапшылығына байланысты ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.