jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ұлытау облысының әкімі Жезқазған–Қызылорда трассасындағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Автожол
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған–Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын бақылап, нысандағы мердігер мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

Бүгінде Ұлытау облысына тиесілі 208 шақырым жолды биіктету, жаңа су өткізу құбырларын орнату жұмыстары толық аяқталған. Құрылыс алаңында 50 шақырымға асфальт төселген.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы мердігер компаниялармен жиын өткізіп, құрылыс сапасы мен жұмыс мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Дастан Рыспеков
Дастан Рыспеков. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Атап айтқанда, облыс әкімі жол құрылысында қолданылып жатқан барлық техниканы Ұлытау облысында тіркетіп, жыл соңына дейін салық төлеу міндетін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ жобада шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесіне тоқталып, тек нақты қажет, жоғары білікті мамандарды ғана шақыру қажеттігін, қажетті инертті материалдар мен миграциялық сұрақтарды көктемде кедергілер туындамауы үшін қыс мезгілінде шешуді ескертті.

құрылыс
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

“Барлық азамат үшін еңбек жағдайы тең болуға тиіс”, – деді өңір басшысы Дастан Рыспеков.

Сонымен қатар облыс әкімі “Қазавтожол” АҚ-ға Ұлытау облысына кіреберіс жол бойына стелланы келесі жылдың сәуір айынан кешіктірмей орнату жөнінде тапсырма берді.

құрылыс
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысы әкімдігі жол инфрақұрылымын жаңғырту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Жобаның сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болады.

Ұлытау облысының әкімі Жезқазған–Қызылорда трассасындағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.