jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Сынамалардан пестицидтер табылды": Ақмола облысында ірі қараның неден қырылғаны белгілі болды

Сиыр
Сиыр. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысы Доңғылағаш ауылында ірі қараның неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Манат Абдрахмановтың мәліметінше, Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округіне қарасты Доңғылағаш ауылында ірі қара малдың қырылуына қатысты жағдай бақылауда тұр.

Зертханалық тексеріс нәтижелері бойынша жануарлардан аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталмаған.

Малдың қырылуына олардың қараусыз жайылып, қоқыс орындарына кіріп, зиянды қалдықтарды жеуі себеп болған.

"Зертханалық талдау кезінде сынамалардан пестицидтер табылды. Диагноз – жем-шөптен улану. Жақын маңдағы ауылдарда жағдай тұрақты, осындай оқиғалар тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.

"Сынамалардан пестицидтер табылды": Ақмола облысында ірі қараның неден қырылғаны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.