jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда кейбір ақылы жолдар уақытша тегін болмақ

Көлік жүргізіп келе жатқан ер адам
Көлік жүргізіп келе жатқан ер адам. Иллюстрациялық фото: Vera_Petrunina / Getty Images

Министрлер кабинетінің баспасөз жиынында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы Дархан Иманашев еліміздегі кемшіліктері бар кейбір ақылы жолдар қашан халық үшін тегін болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жұмыс тобы өз жұмысын аяқтады. Бүгінгі таңда барлық ақылы жол бойынша шамамен 350 километр кемшілігі бар учаске анықталды.

Бұл тізімдер уәкілетті орган – Автомобиль жолдары комитетіне жолданды. Қазір ақпарат жинақталып жатыр және тиісті бұйрық шығарылады. Бұл туралы қосымша ақпарат береміз", - деді Дархан Иманашев.

Оның айтуынша, Көлік министрлігінен тиісті бұйрық 2026 жылдың басында енгізіледі деп жоспарланып отыр.

"Қаңтардан бастап біз бұл учаскелерді ақылы учаскелер қатарынан алып тастаймыз. Бірақ қайталап айтамын, біз бұл учаскелерді алдағы құрылыс маусымында жөндеуді жоспарлап отырмыз. Олар іске қосылғаннан кейін қайтадан ақылы учаскелер қатарына енгізіледі", - деді ол.

Қазақстанда кейбір ақылы жолдар уақытша тегін болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.