jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Шымкентте "Қара шаңырақ" қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті

Қолөнер көрмесі
Қолөнер көрмесі. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қалалық Достық үйінде "Қара шаңырақ" қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет ассамблея алаңында ұйымдастырылған іс-шараға 20-дан астам астам қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтап, дамыту арқылы оны жас буын арасында дәріптеуді мақсат тұтқан іс-шараға қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және қала тұрғындары қатысты.

Қолөнер көрмесі
Қолөнер көрмесі. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Көрмені тамашалауға келген қонақтар алдында сөз сөйлеген қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, таныту бағытында жергілікті этнос өкілдері де атсалысып келе жатқанын айтты.

Қолөнер көрмесі
Қолөнер көрмесі. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда "Ұлттық мәдениетімізді, салт- дәстүрімізді, соның ішінде қолөнерді жаңғырту – ұлттың өзіндік болмысын сақтаудың басты жолы", деді. Бүгінде ұлттық қолөнеріміз қайта жаңғырып, сән индустриясы, туризм, интерьер дизайны сынды түрлі салаларда кең қолданылып келеді. Жас шеберлер дәстүрлі тәсілдерді заманауи технологиялармен ұштастырып, жаңа бағыттарды қалыптастыруда. Қазақ қолөнеріхалықаралық көрмелерде жоғары бағаланып жүр", – Айгүл Тұрсынбекқызы.

Қолөнер көрмесі
Қолөнер көрмесі. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлттық қолөнерді дәріптеген игі іс-шараға атсалысқан қолөнер шеберлеріне арнайы алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталып, көрме соңы шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қолөнер көрмесі
Қолөнер көрмесі. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте "Қара шаңырақ" қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.