jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылды: полиция нәрестенің анасын іздеп жатыр

Полиция баланың денесін тапты
Полиция баланың денесін тапты: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр, деп Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

" Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұқбат жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде", - делінген полиция хабарламасында.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылды: полиция нәрестенің анасын іздеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.