jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыға қалың қар жауды: әкімдік өкілдері қала көшелеріндегі жағдай туралы айтты

Алматыда қар жауды
Алматыда қар жауды. Фото: t.me/ilzat_akchurin

Алматыда 9 желтоқсан, сағат 22:30 шамасында басталған жауын-шашын түнге қарай қалың қарға ұласты. Бүгін таңертең қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жетіп, айлық норманың жартысына жуықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге кірісті.

"Қаланы қардан тазалауға 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада тартылды. Қала көшелеріне 923 арнайы техника шықты, соның ішінде 228 құрама жол машинасы көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы қоспа себуге кірісті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ техникалардың жүрісін қамтамасыз ету үшін 22 полиция экипажы, сондай-ақ 10 эвакуатор мен манипулятор жұмылдырылды.

Қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған. Барлық коммуналдық қызмет қарды толық тазалағанға дейін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра береді.

Алматыға қалың қар жауды: әкімдік өкілдері қала көшелеріндегі жағдай туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.