jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда жарнамалық бейнеролик түсірмек болған кафенің үш қызметкері жазаланды

Түсірілім
Түсірілім. Иллюстрациялық фото: nicoletaionescu/Getty Images

Алматыда жарнамалық бейнеролик түсірмек болған кафенің үш қызметкері жазаланды, деп хабарлайды Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдағы бір кафенің үш қызметкері мекеме үшін жарнамалық бейнеролик түсіру мақсатында мегаполистің қарбалас даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткеліне үстел қойып, бөгеп тастаған.

Олардың әрекеті көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, ұсақ бұзақылық ретінде сараланған – айналасындағы адамдарға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі).

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іс бойынша үш құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Сот әкімшілік жаза түрі мен мөлшерін анықтағанда, ауырлататын мән-жайларының жоқтығын, жеңілдететін мән-жайлар ретінде құқық бұзушылардың кінәсін мойындауы мен жасаған ісіне өкініш білдіруін, сонымен қатар қоғамдық мінез-құлық нормаларын елемегенін көрсететін құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларын ескерген.

Сот қаулысымен түсірілімге қатысушылар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – әрқайсына 78 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Алматыда жарнамалық бейнеролик түсірмек болған кафенің үш қызметкері жазаланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.