jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Қажет болған жағдайда жолдарды толықтай жабамыз": ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

көктайғақ
Көктайғақ. Иллюстрациялық фото: LeManna / Getty Images

ІІМ ел аумағында күн райының күрт бұзылуына байланысты жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қыс маусымында ауа райы мен жолдағы жағдай күрделене түседі. Осыған байланысты жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, біз жол иелерімен бірлесіп жылдамдыққа шектеулер енгіземіз, қажет болған жағдайда жолдарды толықтай жабамыз.

Қысқы кезеңде автожолдарда 3.24 "Жылдамдықты шектеу" белгілері қойылады. Ал Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарында ауа райы нашарлаған кезде ғана жылдамдықты төмендетуге мүмкіндік беретін электронды таблолар – ауыспалы ақпарат беру белгілері қойылған.

Бұл белгілер боран, көктайғақ сияқты қолайсыз жағдайларда уақытша шектеулер енгізу үшін қолданылады.

Аталған белгілер стандарт талаптарына толық сәйкес орнатылған және басқа жол белгілері сияқты міндетті түрде сақталуға тиіс", - деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторы Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар ІІМ өкілі жылдамдықты тіркейтін камералар белгіленген шектеуге автоматты түрде ауысатынын және көлік құралдарының рұқсат етілген және орташа жылдамдығын бақылайтынын еске салды.

"Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жолда жүру қағидаларын және енгізілген шектеулерді сақтауды сұраймыз. Бұл шаралар сізге қолайсыздық туғызу үшін емес, қауіпсіздігіңіз үшін енгізілді", - деді ІІМ өкілі.

"Қажет болған жағдайда жолдарды толықтай жабамыз": ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.