jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Аралдың табанынан тұщы су шықты (видео)

Арал
Арал. Кадр: 24.kz

Қазақстан орманшылары жыл соңына дейін Арал теңізінің аймағына бір миллионнан астам түп сексеуілді егу жұмыстарын аяқтайды. Жуырда теңіз табанынан құдық қазылып, 500 метр тереңдіктен тұщы су шықты. Тіршілік нәрі көшеттерді суғару үшін пайдаланылады, деп хабарлайды 24.kz.

Ташкентте Орталық Азия елдері орман шаруашылығының мамандары бас қосып, аймақтағы экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Арал экологиясымен күресудің бірден-бір жолы ағаш егу. Қазір құрғаған теңіз табанында бұл жұмыстар қызу жүріп жатыр. Қазақстан тарабы жыл соңына дейін 1,1 млн түп сексеуіл көшетін отырғызбақ. Жас талдарды суғару үшін 500 метр тереңдіктен құдық та қазылған.

"Арал теңізінің құрғаған табанында, Қазалыда питомник құрылды. Одан бөлек құрғаған жерінде питомник салу жоспары бар. Қазір құдық қазу жұмысы аяқталды. Бес жүз метрден су шықты. Тұщы су көшеттерді суаруға жақсы", - дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Бағдәулет Амангелдинов.

Автор: Дулат Нуркин

Аралдың табанынан тұщы су шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.