Полицейлер Жаңа жыл алдында тұрғындарға маңызды ескерту жасады
Опубликовано:
Пиротехника сатып аларда сақ болыңыз. Жаңа жыл қарсаңында дәл осы отшашудың кесірінен өрт көбейеді. Алматылық полицейлер мен төтеншеліктер қауіптің алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактика және түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Мамандар тұрғындарға пиротехника өнімдерін тек сертификатталған, рұқсат етілген орындардан ғана сатып алу керек екенін ескертеді. Пайдалану нұсқаулығын да қатаң сақтаған жөн. Кәмелетке толмағандарға отшашу ұстауға қатаң тыйым салынады.
Осы орайда мектептер мен білім беру ұйымдарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге арналған кездесулер өткізіліп жатыр. Ал базарлар мен сауда орындарындағы кәсіпкерлермен профилактика жүргізілуде.
"Мақсатымыз жазалау емес, алдын алу екенін атап өткім келеді. Мереке күндері тыныш әрі оқыс оқиғасыз өткенін қалаймыз. Балалар мен ересектердің қауіпсіздігі ортақ жауапкершілігіміз. Барша азаматты тек сертификатталған өнім таңдауға және балалаға пиротехниканы өздігінен қолдануға қатаң тыйым салуға үндейміз", - дейді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2319239-politseiler-zhanga-zhyl-aldynda-turgyndarga-mangyzdy-eskertu-zhasady/