jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мәңгілік алауда тауық қуырған: тәртіп бұзған ШҚО тұрғыны ұсталды (видео)

Мәңгілік алауға тауық қуыру сәті
Мәңгілік алауға тауық қуыру сәті. Кадр: t.me/halyqstan

4 желтоқсанда түнде Риддер қаласындағы Даңқ мемориалында тәртіп бұзған азамат ұсталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ер адам Мәңгілік алауда ет қуырып, мемориалдық нысан аумағында қоқыс қалдырып кеткен.

Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алды. Жедел іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Тәртіп бұзушы "Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау" бабы бойынша жауапқа тартылды. Сот шешіміне сәйкес, ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтардың назарын заңды қатаң сақтау қажеттігіне аударады. Тарихи ескерткіштер мен ерекше қоғамдық маңызы бар объектілерді қорлау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция кез келген құқық бұзушылық әрекеттердің жолы кесіліп, кінәлілер белгіленген тәртіпте жауапқа тартылатынын еске салды.

Мәңгілік алауда тауық қуырған: тәртіп бұзған ШҚО тұрғыны ұсталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.