Алматыда автобустарға әуежай аумағына кіруге қайта рұқсат берілді
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы халықаралық әуежайына қоғамдық көліктердің кіруіне рұқсат берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежай аумағына қалалық автобустар қайта кіре бастады.
"Енді жолаушылар әуежайға тікелей қоғамдық көлікпен жете алады, бұл жол жүруді ыңғайлырақ ете түседі.
Қазіргі уақытта әуежайға екі бағыттағы автоубстар кіре алады: күндізгі № 92 және түнгі № 3 бағыт. Аялдамалар Т1 (ішкі рейстер) және Т2 (халықаралық рейстер) терминалдарының жанында орналасқан", - деп хабарлады әуежай өкілдері.
Автобустар арасындағы уақыт аралығы 8-ден 12 минутқа дейін, ал қыста қозғалыс жағдайын ескере отырып, 10-нан 15 минутқа дейін болатыны атап өтілді.
Күндіз техникалық үзіліс қарастырылған, ол кезде әуежай аумағында автобустар уақытша тұрады, содан кейін бағыт бойынша қозғалысын жалғастырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2319332-almatyda-avtobustarga-auezhai-aumagyna-kiruge-qaita-ruqsat-berildi/