jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылып жатыр

Бұзылып жатқан нысан
Бұзылып жатқан нысан. Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басқарманың мәліметінше, бұған дейін жеке кәсіпкерлікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік шаралар қолданылған.

Кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған екі қабатты нысанды бұзу туралы талап арыз берілген.

"2025 жылы 23 маусымдағы сот шешімімен талап толық қанағаттандырылды. 2023 жылғы 20 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі күшінде қалдырылды", - делінген хабарламада.

Бүгін Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталған.

Бұзылып жатқан нысан
Бұзылып жатқан нысан. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.