jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Иран Қазақстанға ел тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін берді

Иран делегациясы
Иран делегациясы. Фото: Ақорда

Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі барысында Иран делегациясының Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін ала келгені белгілі болды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.

Келіссөз барысында екі ел басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселесін де қозғады.

"Иранның мұрағаттарында қазақ тарихына қатысты көптеген жәдігер сақталған. Ғалымдарымыз әл-Фараби мұрасын бірлесе зерттеуді қолға алды. Қазақ жерінде ұлы ойшылға арналған тарихи-мәдени кешен салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар бүгін Иран делегациясы Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін ала келді. Сол үшін сізге зор ризашылығымды білдіремін. Бұл қадам қос халықтың тарихи байланысының терең екенін дәлелдей түседі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар екі елдің рухани құндылықтарын кеңінен таныстыру үшін алдағы жылдары Мәдениет күндерін өткізу, жоғары оқу орындары арасында студент алмасуды жандандыру, медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық өндіріс орындары арасында серіктестік орнату жөнінде уағдаласты.

Айта кетейік, бұған дейін Ақордада Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі өткен еді. Кейін екі ел басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Иран Қазақстанға ел тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.