Алматыда 80 және 85 жастағы қариялар некеге тұрып, ерлі-зайыпты атанды
Опубликовано:
Читать на русском
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалы жылды қорытындылады: 2025 жылы оңтүстік астанада 17 500 жұп некеге тұрды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметі бойынша, Алматы қаласы биыл қиылған неке саны бойынша көш бастап тұр. Мегаполисте күн сайын орта есеппен 90-ға жуық неке қию рәсімі өтеді.
Некеге тұратындардың орташа жасы да белгілі болды, қалыңдықтар арасында ол – 28 жас, ал күйеу жігіттер орта есеппен 31 жаста шаңырақ көтереді.
Биыл некеге тұрғандардың арасында 80 және 85 жастағы жұп та болды. Жастар арасында үйленгендердің ең жасы 16 жастағы жұп, олар некесін тіркеу үшін уәкілетті органдардан рұқсат алған.
Одан бөлек Алматыда ажырасқан ерлі-зайыпты саны азайды. Жыл басынан бері шамамен 3000 жұп ажырасуға өтініш берген.
Мемлекеттік корпорацияның атап өтуінше, некеге тұру үшін белгіленген үйлену тойы күнінен 15 күн бұрын өтініш беру керек. Мұны АХАТ бөлімі, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы жасауға болады.
Жаңа үйленгендер қалауы бойынша неке тіркеу рәсімін салтанатты түрде өткізе алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2319900-almatyda-80-zhane-85-zhastagy-qart-zhup-nekege-turdy/