Алматы облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды
Опубликовано:
Алматы облысында қар құрсауында қалған 6 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ ресми Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданында, Қырбалтабай мен Екпінді елді мекендері арасындағы учаскеде қолайсыз ауа райы салдарынан екі автокөлік қар құрсауында қалған. Салдарынан алты адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.
"ТЖМ қызметкерлері жедел түрде шақыруға әрекет етті. Құтқару жұмыстарын жүргізіп, 6 жолаушы эвакуацияланып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.
Барлық эвакуацияланған адамның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2320214-almaty-oblysynda-qar-qursauynda-qalgan-adamdar-qutqaryldy/