jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Kundelik.kz платформасына қатысты дау: оқушылардың деректері интернетте тарап кеткені рас па

Kundelik.kz белгісі
Компьютер экранындағы "Күнделік" жазуы. Көрнекі сурет: pixabay.com/nur.kz

Бүгін әлеуметтік желілерде қазақстандық Kundelik электронды күнделігінің пайдаланушыларына қатысты деректер базасы интернетте тарап кетті деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Telegram арналарда жазылған деректерге қарағанда, олардың ішінде оқушылардың аты-жөні, туған күні, білім беру ұйымдарының атауы мен сыныбы көрсетілген.

Осыған қатысты "Kүнделік (Kundelik)" ЖШС ресми түсініктеме берді. 

"Жеке деректердің тарап кеткендігі туралы ақпарат анонимді Telegram-арнасы арқылы жайылуда. Мұндай арналар өз кезегінде жариялаған мәліметтер үшін жауапкершілік алмайды. Қазіргі уақытта Kundelik жүйесінен деректердің тарап кету фактісі расталмаған. Компания тиісті ішкі техникалық тексеріс жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның себебі мен ауқымы туралы кез келген ақпарат мерзімінен бұрын жасалған болып табылады", - делінген компанияның мәліметінде.

"Kүнделік (Kundelik)" ЖШС тексеру қорытындысы бойынша қоғамды қосымша хабардар ететінін де хабарлады.

Kundelik.kz платформасына қатысты дау: оқушылардың деректері интернетте тарап кеткені рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.