jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Алматыда қыс маусымында жол қозғалысына қатысты қандай талаптар күшейеді: полиция жауабы

Қыс
Қыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Серікұлы хабарлады.

1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін электрсамокатты пайдалануға толық тыйым салынып, операторларға көлікті көшеден алып тастау міндеттелді. Сонымен қатар полиция жүргізушілерден бастап жаяу жүргіншілер мен көліктің балама түрімен жүретіндерге дейін барлығына бақылауды күшейтпек. Тимур Серікұлының айтуынша, қалада электрсамокат, мопед пен электрвелосипедке отырғандар көбейгендіктен жүйелі түрде бақылап, уақытылы оқыс оқиғаның алдын алып отыруға тура келеді.

Биыл да жол ережесін бұзғандардың көбі  жүргізушілердің өзі болыпты: бейнекамера арқылы шамамен 4 млн құқықбұзушылық тіркелсе, тағы 567 965 жағдайды патрульдік қызмет анықтаған. Оның 518 355-ін жүргізушілер, 49 610-ын жаяу жүргіншілер, 17 154-ін электрсамокат пен 623-ін электрвелосипед мінгендер жасаған.

Полицияның айтуынша, қысқы маусымда электросамокаттардың жұмысын тоқтату жарақат алу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Көліктің балама түрін пайдаланатындарға арналған қосымша профилактикалық іс-шаралар жол жағдайына жасалған талдау негізінде жаңа маусымның басында анықталатын болады. Әл-Фараби, Сейфуллин мен Төле би сияқты адам көп жүретін көшеде жылдамдықты арттырғаны үшін жауапкершілікті күшейту жағы әзірге қарастырыла қойған жоқ. Бірақ дәл осы ұзын әрі жүктемесі жоғары көшеде жол апаты жиі тіркеледі.

Ондай жерлерге полиция қосымша камера қойып, сақшыларды күшейтіп, ЖКО себептерін уақытылы талдап отырады. Жасөспірімдерге де көп көңіл бөлінген, себебі олар самокат пен велосипедті жиі пайдаланады. Мектепте семинар, тренингтер, жол қозғалысы ережесі бойынша сабақ өткізіледі, ЮИД сыныптары жұмыс істейді, онда балаларға жолда қалай жүріп-тұру керектігін үйретеді.

Алматыда қыс маусымында жол қозғалысына қатысты қандай талаптар күшейеді: полиция жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.