jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматы тауларында түнде жас жігіт адасып кетті

Құтқару операциясы
Құтқару операциясы. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖД құтқарушылары өткен түнде Алматы тауларында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, тауда 18 жастағы жігіт адасып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 112 пультіне көмекке мұқтаж жас жігіт туралы хабарлама түскен. Оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданында, Алмарасан шатқалында болды.

Өтініш берушінің айтуынша, 18 жастағы азамат тау бағытымен өздігінен төмен түсе алмай, Алёшкин көпірі маңында болған.

"ТЖМ "Барыс" РЖҚЖ ММ жедел тобы Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына дереу шықты. Проходное шатқалына жеткеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі таулы жағдайда жаяу түрде жалғастырылды",- делінген ресми хабарламада.

Бірлескен іздестіру барысында құтқарушылар адасып қалған жас жігітті Терра алаңындағы күркеде тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Осыдан кейін Алмарасан тұрағына қарай қауіпсіз түсіру ұйымдастырылды.

Азамат аман-есен құтқарылып, туыстарына тапсырылды.

Алматы тауларында түнде жас жігіт адасып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.