Ақтау мен Атырау әуежайларында жолаушыларға рейстердің кешігетіні ескертілді
Опубликовано:
Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, Ақтау мен Атырау әуежайларында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар рейс кешігетінін хабарлады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әуекомпания өкілдерінің хабарлауынша, Ақтау мен Атырау әуежайларында күннің бұзылуына және ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын істеу мүмкін болмай жатқанына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр.
Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейстің күйі туралы ақпаратты ресми сайттан немесе мобайл қолданбадан қарап алу ұсынылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2320502-aqtau-men-atyrau-auezhailarynda-zholaushylarga-reisterding-keshigetini-eskertildi/