jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

БҚО-да қатты боран салдарынан елдімекендер жарықсыз қалды

Балауыз шам
Балауыз шамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 16 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды. Қазіргі уақытта үзілген электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратына сәйкес, қатты боран соғып, салдарынан облыстың 5 ауданында 63 елді мекенде электр желілеріне зақым келген. Қолайсыз ауа райына орай Жәнібек ауданында 12, Бөкей ордасында 18, Тасқалада 8, Казталовта 16, Бәйтеректегі 9 ауылда және Оралда электр жарығы сөнді. 

14 желтоқсанда 15.00-дегі мәлімет бойынша 16 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған. Басқарма мәліметінше, өңірде газбен қамту желілері бойынша жағдай тұрақты.

Қазіргі таңда Орал қаласында Зачаган кентінде жарық жоқ.

БҚО-да қатты боран салдарынан елдімекендер жарықсыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.