jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Депутат Қазақстан әйелдеріне шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салуды ұсынды

Жүкті әйел
Ішін ұстап тұрған жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс отырысында депутат Гүлдара Нұрым Қазақстандағы суррогат ана болу мәселесін көтеріп, бұл мәселеге қатысты елдегі заң тым "жұмсақ" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда суррогат аналарға қазақстандық азаматтар да, шетелдік азаматтар да тапсырыс бере алады, бұл баланың азаматтығы мен ата-ана құқықтарын анықтауға қатысты сот дауына әкеп соғады.

"Қазақстанды "репродуктивті туризм" үшін тартымды ететін нәрсе – салыстырмалы түрде "жұмсақ" заң. Себебі көршілес елдерде (Ресей, Қытай) және бірқатар дамыған елде (Германия, Франция) суррогат аналыққа толығымен тыйым салынған немесе қатаң шектеулер бар", - деді депутат Гүлдара Нұрым.

Ол Қазақстан Республикасында суррогат ана болу қызметін тек Қазақстан азаматтарына ғана көрсету мәселесін қарастыруды ұсынды.

"Қаржылық қиындыққа байланысты жас әйелдердің СА бағдарламасына қатысуы жаңа туған нәрестеден ажыраумен байланысты теріс психологиялық дертке ұшырау қаупін тудырады.

Ал қаржы ресурстарын тарту балаларды "тауарға" айналдыру қаупін тудырады, халықтың осал топтарын пайдалану адам саудасының жаңа түрі болып саналады", - деді депутат.

Депутат Қазақстан әйелдеріне шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салуды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.