jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Басын керегеге ұрған": Астанадағы балабақша тәрбиешісі 3 жасар балаға күш көрсетті деп айыпталды

Балабақшадағы бала
Балабақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде елордалық балабақшадан видео тарады. Онда тәрбиешінің 3 жасар балаға күш көрсеткен сәті бейнеленген, деп хабарлайды Астана білім беру басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Желіде Астана балабақшаларының бірінде тәрбиеші үш жасар балаға күш көрсетті деген ақпарат тарады. Ондағы мәліметке сай, анасы ұлының денесінің көгергенін байқап, бейнебақылау камераларын қарауды сұраған.

"Видеодан балабақша қызметкері баланы қатты жұлқып қалып, оның басын керегеге ұрып жіберетінін көруге болады. Анасының сөзінше, оқиғадан кейін енді ғана сөйлеп үйреніп жүрген бала сөйлемей қалған", - делінген видео сипаттамасында.

Қалалық білім беру басқармасы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Биыл қарашада жеке меншік балабақшада тәрбиеші үш жастағы балаға қатысты күш көрсеткені тіркелді. Қазіргі таңда тәрбиеші қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл дерек бойынша құқыққорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

Сонымен бірге біз Астана полиция департаментіне ақпараттық сұрау салды. Мақала жарияланған кезде жауап келген жоқ.

"Басын керегеге ұрған": Астанадағы балабақша тәрбиешісі 3 жасар балаға күш көрсетті деп айыпталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.