jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қалың қар мен боран: синоптиктер жексенбіде ауа райы бұзылатынын ескертті

Қарлы боранда кетіп бара жатқан қыз
Қарлы боран. Көрнекі сурет: Gillian Henry/Getty Images

Синоптиктер жексенбі 21 желтоқсанда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті – қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

21 желтоқсанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Қонаев қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Орал қаласында 21 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауады, облыстың солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

21 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

21 желтоқсанда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай қаласында 21 желтоқсанда тұман түседі.

21 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда қаласында 21 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

21 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда түнде Қарағанды облысында қар жауып, бұрқасын соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

21 желтоқсанда түнде Ұлытау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жезқазған қаласында 21 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында 21 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты қар жауады. Кей уақыттарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың шығысында, таулы аудандарынд жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа, ал Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

21 желтоқсанда Абай облысында қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семей қаласында 21 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

21 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында 15-20 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, тұман түседі. Түркістан қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

21 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады. Тараз қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда Павлодар облысында түнде қар жауып, бұрқасын соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауып, күндіз солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 20-25 градусқа дейін аяз болады, күндіз күндіз ауа температурасы әрі қарай төмендейді. Павлодар қаласында 21 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 22-24 градус аязға олады, күндіз ауа температурасы әрі қарай төмендейді.

Қалың қар мен боран: синоптиктер жексенбіде ауа райы бұзылатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.