jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

Жеке куәлік
Жеке куәлік. Көрнекі сурет: eGov.kz

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекетті баж салығы алынбайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Polisia.kz медиа-порталының мәліметінше, мұндай өзгерістерге Ішкі істер министрлігі бастамашы болған.

Бұл құжаттарды алу процесін жеңілдету және азаматтарға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында қолға алынған.

"Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде тегін беріледі. Сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет емес", - деді Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр маусымда Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәлік беріле бастаған болатын. Жаңартылған құжатта не өзгергенін жазған едік.

Бұдан бөлек, жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн рәсімдеуге болатыны хабарланған еді – құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.