jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қаңтарда қазақстандықтар 12 күн демалады

шырша мен мысық
Шырша мен мысық. Көрнекі фото: pixabay.com

Келесі жылдың қаңтарында қазақстандықтарға Жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне байланысты қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

eGov порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 және 2 қаңтар ресми мереке күндері, бұл екі күн бейсенбі және жұма күндеріне түсіп тұр.

2026 жылы 3 және 4 қаңтар сенбі және жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қатарынан төрт күн демалады.

Сонымен қатар сәрсенбі, 7 қаңтарда Қазақстанда Рождество мерекесі атап өтіледі. Сондықтан ел тұрғындарына апта ортасында тағы бір демалыс күні беріледі. Мерекелік күндерден бөлек қаңтарда заңмен белгіленген сенбі және жексенбі күндеріндегі демалыс бар.

Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалатынын хабарлаған едік.

Сондай-ақ қазақстандық оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалатыны белгілі болғанын жазғанбыз.

Қаңтарда қазақстандықтар 12 күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.